Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Warning: Undefined array key 20 in /var/www/html/templates/j4starter/html/com_content/article/news.php on line 46

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Түркістан филиалы Түлкібас өндірістік бөлімшесі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс.

Жарияланған күні мен уақыты: 27.09.2024, 09:10 Мақала авторы: kazvodhoz

Warning: Undefined array key 3 in /var/www/html/templates/j4starter/html/com_content/article/news.php on line 95

Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/html/templates/j4starter/html/com_content/article/news.php on line 95

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалы Түлкібас өндірістік бөлімшесі басшысының бос лауазымына (азаматтық қызметші) орналасуға конкурс жариялайды. 

Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 160000, Шымкент қаласы, Тауке хан  көшесі №6, анықтама телефондары: 8-(7252)-53-59-81.

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалы Түлкібас өндірістік бөлімше басшысы (бұдан әрі –Тюлькубас өндірістік бөлімше басшысы), 1 бірлік, лауазымдық жалақысы 211 917 теңге.

 

Түлкібас өндірістік бөлімше басшысы өз жұмысында нормативтік құжаттарда, осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алады. Еңбек тәртібін сақтайды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалының директорына бағынады.

 

Лауазымдық міндеттері: Өндірістік бөлімше қызметіне  ұйымдық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады және тиімді жұмыс істеу үшін жағдай жасайды, бөлімнің жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және үйлестіреді, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі; өндірістік бөлімшеге орындауға келіп түскен бұйрықтардың, тапсырмалардың, хаттардың, арыздар мен шағымдардың орындалуына бақылауды және есепке алуды жүзеге асырады; еңбек ресурстары, жер, ғимараттар, құрылыстар, техникалық және өндірістің өзге құралдарының ұтымды пайдаланылуын, өндірістің ұйымдастырылуын, өндірістік процестердің механикаландырылуы мен автоматтандырылуын, еңбек өнімділігін жоғарылатудың резервтерін пайдалану мен анықтауды қамтамасыз етеді;

Кәсіпорын теңгеріміндегі су қоймаларды, каналдарды, бөгеттерді және су нысандарын жоғары техникалық жағдайда ұстап тұруға, өндірістік процестерді механикаландыруды және автоматтандыруды жетілдіру, ақаудың алдын алу және ресурстардың барлық түрін үнемдеу, өндіріс шығындарын азайту резервтерін пайдалану бойынша жұмыс жүргізеді; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы  №1217 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына сәйкес су қоймаларында және  гидротехникалық нысандарда тиісті жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы     №1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасына сәйкес су қоймаларында және гидротехникалық нысандарда тиісті жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді; су қоймалары  мен   гидротехникалық  нысандарды   қауіпсіз пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында:

-  төтенше жағдайлардың алдын алу барысында елді мекендерді ескерту жұмыстарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді;

-  тасқын суды өткізетін (апаттық қашыртқы, арық, көпір мен жол асты су өткелдері) жүйелерді тазарту жұмыстарын жүргізуді;

-  төтенше жағдай қаупі төнуі мүмкін жағдайларда бақылау жүргізіп, қауіпсіздік шараларын жүргізуді;

-  винтті көтергіш құрылғыларына уақтылы техникалық күтім жасау арқылы қалыпты жағдайда ұстауды;

-  механикалық тазалау жұмыстарын уақтылы орындауды қамтамасыз етуді;

-   төтенше жағдай кезінде қауіп төнген кезеңге бос қор (запас) сақтауды ұйымдастыруды;

-  төтенше  жағдай  кезінде  қауіп  төнген   кезеңге   техника   мен материалдық қор дайындауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

өндірістік бөлімшеге тиесілі материалдық құндылықтардың сақталуы мен  ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді; өндірістік бөлімше  бойынша  тариф  шығындарында қаралған қаржы көлемі шеңберінде, жоба-сметалық құжаттары бекітілген, ағымдағы өндірістік жоспарлауды, есеп жүргізуді, өндірістік бөлімшенің қызметі туралы есептілікті жасауды және беруді, ағымдағы жөндеу жұмыстарын Филиал директорының рұқсатымен іске асыру; жабдықтарды және басқа негізгі құрал-жабдықтарды техникалық дұрыс пайдалануды және оларды жөндеу кестелерінің орындалуын қамтамасыз етеді; жұмысшылар мен қызметшілердің біліктілігін арттыру және ұжымдағы тәрбие жұмысын ұйымдастырады;     

жұмыскерлердің еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібінің сақтауын бақылайды, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс және өндірістік санитария бойынша тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді; өндірістік бөлімшенің қызметтік құжаттамасына қол жеткізудің белгіленген режимін сақтауды қамтамасыз етеді; еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндеттенеді.

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерін; су шаруашылығы мен Филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметі мәселелеріне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; су шаруашылығы өндірісінің технологиясы және озық отандық және шетелдік су шаруашылығы тәжірибесін; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару  негіздерін; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуі тиіс. 

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде             5 жыл жұмыс өтілі бар болуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.  Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші;

2.  Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5.  Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6. ҚР Денсаулық   сақтау   министрлігінің  2010  жылғы  23  қарашадағы
№ 907 бұйрығымен бекітілген (ҚР Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

7.  Нарко-психо диспансерлердің анықтамалары;

8.  Сотталу туралы анықтама.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады. 

 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ақпараттар құралдарында, соның ішінде
ресми веб-сайтта жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күнінің ішінде
мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Қазақстан Республикасы, 160000, Шымкент қаласы, Тауке хан көшесі №6, анықтама телефондары: 8(7252)-53-59-81 немесе ok_tf_kazvodhoz@mail.ru электрондық поштасына.

 

Әңгімелесу өтетін орын:  Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесі №6, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалы.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурс өтетін жерге бару-қайту, тұру және өзге де шығындар) азаматтардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.


Warning: Undefined array key 0 in /var/www/html/templates/j4starter/html/com_content/article/news.php on line 201