Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Шығыс Қазақстан филиалы «Күршім өндірістік учаскесінің бухгалтері» бос лауазымына конкурс жариялайды.

Жарияланған күні мен уақыты: 27.09.2024, 08:57 Мақала авторы: kazvodhoz

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- түйіндеме,

- конкурсқа қатысу туралы өтініш,

- жеке куәлік,

- диплом,

- еңбек кітапшасы,

- әскери билет (болған жағдайда),

- 075 нысанды медициналық анықтама,

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама,

- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы,

- бетпе-бет сұхбаттасу кезінде ПТР-талдауы немесе вакцинация паспорты болуы қажет. 

 

Күршім өндірістік учаскесі бухгалтерінің функционалдық міндеттері:

- ақшалай қаражатты және құнды қағаздарды қабылдау, есепке алу, беру және сақтау бойынша операцияларды жүзеге асырады, олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ережелерді міндетті түрде сақтайды;

- белгіленген тәртіпке сәйкес ресімделген құжаттар бойынша банктерден ақшалай қаражаттар мен құнды қағаздарды алады;

- кіріс және шығыс құжаттарының негізінде кассалық кітапты жүргізеді, ақшалай қаражат пен құнды қағаздардың кітаптағы қалдығын іс жүзіндегі қалдығымен салыстырады;

- ескі купюралардың тізімдемесін жасайды, сондай-ақ, оларды жаңасына ауыстыру мақсатында банкке тапсыру үшін тиісті құжаттарды дайындайды;

- ақшалай қаражатты филиалдың арнайы шотына уақытылы аударады;

- есепке алудың тиісті шоттары бойынша бастапқы құжаттарды қабылдайды, қадағалайды және есептік өңдеуге дайындайды;

- іс жүзінде берілген судың көлемі бойынша суармалау қызметіне ақы есептейді, орындалған жұмыстар актісін, шот-фактура дайындайды;

- бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша учаскенің қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүргізуге қатысады;

- жұмысшылардың мекемедегі іс жүзіндегі жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді, олардың жұмыста болуын, жұмысқа уақытында келіп-кетуін қадағалайды. Іс жүзінде жұмыс істелген уақыт, жұмыс уақытынан артық жұмсалған уақыт, еңбек тәртібін бұзушылықтар және т.б. көрсетілген табельді белгіленген тәртіпте ұсынады; 

- ай сайын филиалға ӨУ-нің кредиторлық және дебиторлық берешегі бойынша салыстыру актілері мен дербес шоттан көшірме ұсынады;

- кіріс, шығыс хаттарды уақытылы тіркеуді жүзеге асырады, қабылдау-сөйлесу құрылғылары бойынша ақпаратты, телефонограммаларды қабылдайды, басшылықтың назарына ақпаратты уақытылы жеткізеді, учаске бастығының нұсқауы бойынша оған жұмысқа қажетті қызметтік материалдарды басады немесе ағымдағы ақпаратты деректер базасына енгізеді;

- бақылау-кассалық аппарат арқылы өтетін барлық ақша айналымының жүйесін басқарады;

- 101 бағдарлама бойынша бастапқы құжаттардың орындалуын қадағалайды, сол үшін жауапкершілік алады (тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу және есептен шығару, жұмыс уақытын есепке алу, 101 бағдарлама бойынша ай сайынғы есептер тапсыру және т.б.).

 

Біліктілік талаптары: бухгалтер лауазымына жұмыс өтіліне талап қойылмаған жоғары кәсіптік білімі бар немесе орташа кәсіптік білімі мен кем дегенде 1 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады. 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 99/1 мекенжайы бойынша немесе voda_2004@mail.ru электронды мекенжайына ұсынылуы керек. Анықтама телефоны: 8/7232/5189218-705-522-92-87 

 

Жұмыс орны: ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау Ережелері негізінде өткізіледі.