Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалы келесі бос лауазымға конкурс жариялайды.

Жарияланған күні мен уақыты: 27.09.2024, 08:58 Мақала авторы: kazvodhoz

Белағаш топтық су құбырын пайдалану жөніндегі өндірістік учаскесінің бухгалтері.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- түйіндеме

- конкурсқа қатысу туралы өтініш,

- жеке куәлік,

- диплом,

- еңбек кітапшасы,

- әскери билет (болған жағдайда),

- 075 нысанды медициналық анықтама,

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама,

- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы,

- бетпе-бет сұхбаттасу кезінде ПТР-талдауы немесе вакцинация паспорты болуы қажет. 

 

Белағаш топтық су құбырын пайдалану жөніндегі өндірістік учаскесі бухгалтерінің функционалдық міндеттері:

- ақшалай қаражатты және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, есепке алу бойынша операцияларды жүзеге асырады, қолма-қол ақшамен жұмыс жасау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ережелерді міндетті түрде сақтайды;

- кіріс және шығыс құжаттарының негізінде кассалық кітапты жүргізеді;

- қолма-қол ақшалай қаражат болған жағдайда филиалдың арнайы шотына ақшалай қаражатты уақытылы аударады;

- тиісті есепке алу шоттары бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды, бақылауды жүзеге асырады, оларды есепке алу үшін 1310 (ТМҚ), 1210 (дебиторлар, су тұтынушылардың қарызы), 1010 (ақшалай қаражатты есепке алу), 3510  (алынған аванстар), 7210, 8110 (өндірістік шоттар) и т.б. шоттар бойынша 1С Бухгалтерия бағдарламасына енгізуге даярлайды;

- мемлекеттік бюджетке салық төлемдерін есептеу үшін бастапқы құжаттамаларды дайындайды (өндірістік учаске бойынша жергілікті салық басқармаларына төленетін су салығы, жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы). Жергілікті салық комитетімен тікелей жұмыс жасайды;

- бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша учаскенің қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүргізуге қатысады (субсидиялау, шот-фактуралар шығару, орындалған жұмыстар актілері);

- ай сайын филиалға ӨУ-нің кредиторлық және дебиторлық берешегі бойынша салыстыру актілері мен дербес шоттан көшірме ұсыну (1210, 3510, 3310 шоттар);

- бақылау-кассалық аппарат арқылы өтетін барлық ақша айналымының жүйесін басқарады;

- ай сайын тауарлық-материалдық қорларды есептен шығару үшін және жыл сайын негізгі құралдарды, басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығау үшін бастапқы құжаттарды дайындайды, әкімшілік-басқару персоналының жауапты тұлғаларының алдында қорғайды;

- жұмысшылардың мекемедегі іс жүзіндегі жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді, олардың жұмыста болуын, жұмысқа уақытында келіп-кетуін қадағалайды. Іс жүзінде жұмыс істелген уақыт, жұмыс уақытынан артық жұмсалған уақыт, еңбек тәртібін бұзушылықтар және т.б. көрсетілген табельді белгіленген тәртіпте ұсынады. 

 

Біліктілік талаптары: бухгалтер лауазымына жұмыс өтіліне талап қойылмаған жоғары кәсіптік білімі бар немесе орташа кәсіптік білімі мен кем дегенде 1 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады. 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 99/1 мекенжайы бойынша немесе voda_2004@mail.ru электронды мекенжайына ұсынылуы керек. Анықтама телефоны: 8/7232/5272528-705-522-92-87 

 

Жұмыс орны: ШҚО, Бородулиха ауданы, Белағаш ауылы

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау Ережелері негізінде өткізіледі.