Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалы бос лауазымға конкурс жариялайды.

Жарияланған күні мен уақыты: 27.09.2024, 08:47 Мақала авторы: kazvodhoz

 Ақсуат өндірістік учаскесінің механигі.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- түйіндеме

- конкурсқа қатысу туралы өтініш,

- жеке куәлік,

- диплом,

- еңбек кітапшасы,

- әскери билет (болған жағдайда),

- 075 нысанды медициналық анықтама,

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама,

- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы,

- бетпе-бет сұхбаттасу кезінде ПТР-талдауы немесе вакцинация паспорты болуы қажет. 

 

Механик лауазымына қойылатын функционалдық міндеттер:

-            Механизмдер мен жабдықтардың үздіксіз және техникалық дұрыс  және сенімді жұмыс істеуін, олардың ауысымдылығын көтеру, оларды тиісті  дәлдік деңгейде жұмысқа жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді.

-             Механизмдер мен жабдықтарды тексеру, сынап тексеру және алдын-ала жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарларын (кестелерін) дайындауды ұйымдастырады, осы жоспарларды бекітеді және олардың орындалуын бақылайды, өндірістің техникалық дайындығын қамтамасыз етеді.

-             Механизмдер мен жабдықтардың қол жетімділігі мен қозғалысын есепке алу, техникалық және есеп беру құжаттарын дайындау мен рәсімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

-            Механизмдер мен жабдықтардың жұмысына қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдер ресімдейді.

-            Механизмдер мен жабдықтарды уақтылы және сапалы жөндеуді және жаңартуды, олардың жай-күйі мен техникалық қызмет көрсетуін техникалық қадағалауды ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарын орындау кезінде материалдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.

-             Жұмыс орындарын есепке алу және жоспарлау, жабдықты қайта құру, кәсіпорынның жөндеу базасын техникалық қайта жарақтандыру, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады.

-            Күрделі жөндеуді қажет ететін ескірген жабдықты, машиналар мен механизмдерді анықтайды және жөндеу жұмыстарының кезектілігін белгілейді.

-            Жабдықтардың барлық түрлерінің, сондай-ақ тозу мерзімі өткен және ескірген жабдықтардың есебін жүргізеді, оларды есептен шығару құжаттарын дайындауды ұйымдастырады. Күнделікті ауысымға шығар алдында көліктердің және арнайы құрылыс техникаларының техникалық жағдайын тексереді. Жол қағаздарын тексеріп, жұмыс уақыты мен ЖЖМ шығынын есепке алады.

-            Механизмдер мен жабдықтардың тозуының, оның тоқтап қалуының себептерін зерттеуге, жазатайым оқиғаларды тексеруге, оларды жою мен алдын-алу жөніндегі іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады.

-            Бөлшектерді, желілер мен механизмдерді жөндеу мен қалпына келтірудің жаңа озық әдістерін қолдану арқылы тиімсіз жабдықтар мен механизмдерді өнімділігі жоғары қондырғылармен ауыстыру, жоспардан тыс жөндеу мен жабдықтың тоқтап қалуын азайту, жөндеу шығындары мен техникалық қызмет көрсетуді азайту жөніндегі іс-шараларды дайындауға және іске асыруға жетекшілік етеді.

-            Пайдаланылмаған жабдықтар мен механизмдерді анықтау және оны іске асыру, қолданыстағы жабдықтар мен механизмдердің жұмысын жақсарту, еңбекті механикаландыру және озық технологияларды енгізу негізінде жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу қызметі жұмысшыларының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру шараларын қолданады.

-            Автокөлік құралдарының және арнайы техниканың уақытылы техникалық қызмет көрсету және техникалық тексеруден  өтуін қадағалайды.

-            Барлық өндірістік учаскелер  мен филиалдың орталық аппаратында механизмдер мен жабдықтарды жөндеу жұмыстары кезінде еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасы шараларының сақталуын қамтамасыз етеді, бақылайды. Жабдықтар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды дайындауға және іске асыруға, жабдықтар мен механизмдердің жұмысын жақсарту жөніндегі рационализаторлық ұсыныстарды қарауға қатысады, олардың ең күрделілері бойынша кері байланыс пен қорытынды береді , қабылданған рационализаторлық ұсыныстарды іске асыруға ықпал етеді.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі  және кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 99/1 мекенжайы бойынша немесе voda_2004@mail.ru электронды мекенжайына ұсынылуы керек. Анықтама телефоны: 8/7232/527252, 8-705-522-92-87 

Жұмыс атқару орыны: ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау Ережелері негізінде өткізіледі.