Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Шығыс Қазақстан филиалы «Жарма өндірістік учаскесінің маманы» бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш,
- жеке куәлік,
- диплом,
- еңбек кітапшасы,
- әскери билет (болған жағдайда),
- 075 нысанды медициналық анықтама,
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама,
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы,
- бетпе-бет сұхбаттасу кезінде ПТР-талдауы немесе вакцинация паспорты болуы қажет.
Лауазымдық міндеттері:
- Мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайы туралы актілердің, жөндеу жұмыстарын орындауға өтінімдерді уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;
- Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды паспорттау бойынша жиынтық нәтижелерінің, техникалық жағдайы мен баланстық құнының жиынтық ведомосінің уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;
- Мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайына паспорттау жүргізілуін, статистикалық және жедел құжаттардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларға бақылау жасайды;
- Гидротехникалық құрылыстардың құжаттамасының (техникалық паспорттар, жерді пайдалануға құқық беретін мемлекеттік актілер) болуын есепке алады;
- Су шаруашылығы объектілерінің техникалық паспорттары мен мемлекеттік актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- Су шаруашылығы құрылыстарын паспорттау және метрология бойынша жылдық есеп дайындайды;
- Бөлімге келіп түскен құжаттаманы есепке алады;
- Өзінің тікелей басшысының басқа да қызметтік тапсырмаларын орындайды;
- Филиал мен басқа қызметкерлердің мүлкіне мұқият күтім жасауға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, филиал мүлкінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай туралы дереу тікелей басшысына хабарлауға міндетті.
Конкурс қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптар: Маман лауазымына жоғары, орта арнаулы техникалық немесе заңи білімі бар, мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлға тағайындалады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынылуы керек: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1 немесе voda_2004@mail.ru электронды мекенжайына, анықтамалар үшін телефон: 8/7232/527252, 87055229287.
Жұмысты атқару орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1
Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау ережелері негізінде өткізіледі.