ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Түркістан филиалы Су пайдалану бөлімі басшысының бос лауазымына (азаматтық қызметші) орналасуға ко
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 160000, Шымкент қаласы, Тауке хан көшесі №6, анықтама телефондары: 8-(7252)-53-59-81.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалы Су пайдалану бөлімі басшысы (бұдан әрі – Су пайдалану бөлімі басшысы), 1 бірлік, лауазымдық жалақысы 259 938 теңге.
Су пайдалану бөлімі басшысы өз жұмысында нормативтік құжаттарда, осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алады. Еңбек тәртібін сақтайды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалының директорына бағынады.
Лауазымдық міндеттері: Филиалдың өздеріне тиісті су жүйелерінде, оның ішінде трансшекаралық каналдарда су алу, су бөлу және су реттеу бойынша жұмыс істеуін қадағалайды. Филиалдың және басқа да су пайдаланушылардың жылдық су алу нормаларын есептеуін ұйымдастырады және қадағалайды. Филиал бойынша табиғи көздерден су ресурстарын пайдалануға арнайы Арал-Сырдария су шаруашылық алаптық басқармасынан арнайы су пайдалану рұқсатын алуды қамтамасыз етеді. Арал-Сырдария су шаруашылық алаптық басқармасымен бірге ірі су жүйелерінің су алу лимитін белгілеуін бақылайды. Филиал қарасты бөлімшелермен бірлесе су қоймаларының жұмыс істеу кестесін ұйымдастырады және кестенің іске асуын бақылайды. Қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де міндеттерді атқарады. Филиал басшыларының келісімінсіз, оның коммерциялық құпиясына жататын мәліметтерді таратпауға, өзара іскерлік қарым-қатынас жүргізілетін ұйымдардың да коммерциялық құпияға жататын мәліметтерді сақтауға міндетті. Су пайдалану бөлімі жұмысына басшылық етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерін; су шаруашылығы мен Филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметі мәселелеріне қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; су шаруашылығы өндірісінің технологиясы және озық отандық және шетелдік су шаруашылығы тәжірибесін; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздерін; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 907 бұйрығымен бекітілген (ҚР Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
7. Нарко-психо диспансерлердің анықтамалары;
8. Сотталу туралы анықтама.
Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ақпараттар құралдарында, соның ішінде
ресми веб-сайтта жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күнінің ішінде
мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Қазақстан Республикасы, 160000, Шымкент қаласы, Тауке хан көшесі №6, анықтама телефондары: 8(7252)-53-59-81 немесе ok_tf_kazvodhoz@mail.ru электрондық поштасына.
Әңгімелесу өтетін орын: Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесі №6, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалы.
Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурс өтетін жерге бару-қайту, тұру және өзге де шығындар) азаматтардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.