Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Шығыс Қазақстан филиалы «Үржар өндірістік учаскесінің техник-гидрометрі» бос лауазымына конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- түйіндеме
- конкурсқа қатысу туралы өтініш,
- жеке куәлік,
- диплом,
- еңбек кітапшасы,
- әскери билет (болған жағдайда),
- 075 нысанды медициналық анықтама,
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама,
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы,
- бетпе-бет сұхбаттасу кезінде ПТР-талдауы немесе вакцинация паспорты болуы қажет.
Техник-гидрометрдің функционалдық міндеттері:
- Су реттеушілерге нұсқау беру, өздерінің міндеттерін орындауларын тексеру.
- Су беру жоспарының немесе өзеннің гидрологиялық режимінің өзгеруіне байланысты учаскенің су реттеушілеріне тапсырма беру.
- Вегетация кезеңінде каналдағы судың шығысын күнделікті тексеруді жүзеге асырады.
- Ағымдағы, күрделі, апаттық жөндеулердің уақытылы орындалып отыруын және құрылыстардың жұмыс жағдайында болуын қадағалау.
- Гидрометриялық құрылыстарды аттестациялау бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысады.
- Учаскенің құрылыстарын қадағалайды.
- Су пайдалану бойынша техникалық құжаттаманы жүргізеді және толтырылуын қадағалайды, күнделікті, сондай-ақ мерзімдік есеп тапсырады. Құрылыстарды тексеру және ақау актілерін жасау бойынша жұмыстарға қатысады.
- Су жібергіштегі ысырмалардың қозғалысын басқарады.
- Өндірістік түсірілім мен өлшеулер жүргізуді басқарады, ал кейбір жағдайларда қатысады.
- Учаскеде Ережемен қарастырылмаған және дереу араласуды қажет ететін жағдайлар орын алған кезде техник-гидрометр дербес шешім қабылдайды, өкімдер журналына жазба жазады және учаске бастығының назарына жеткізеді.
- Талап бойынша су пайдалану жөнінде есеп береді.
- Барлық гидробекеттерді аттестацияға дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары техникалық білім (жұмыс өтіліне талап қойылмайды) немесе орта техникалық білім мен мамандық бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 99/1 мекенжайы бойынша немесе voda_2004@mail.ru электронды мекенжайына ұсынылуы керек. Анықтама телефоны: 8/7232/51-89-21, 8-705-522-92-87
Жұмыс орны: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау Ережелері негізінде өткізіледі.