Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Жаңа Су кодексінің консультативтік құжаттары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде ҚР Су кодексінің (жаңа редакциясы) реттеу саясатының консультативтік құжаттары және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Жарияланған күні мен уақыты: 12.05.2022, 17:07

Қоғамдық тыңдауға жүзден астам адам, соның ішінде экобелсенділер, қоғам қайраткерлері, тәжірибелі сарапшылар мен су саласының ардагерлері қатысты.

Айта кетейік, жаңа Су кодексін әзірлеу Мемлекет басшысының тапсырмасы болып табылады және оны өзектендіру ҚР 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына енгізілген.

Су заңнамасындағы жаңа нормалар жеке тұлғалардың, аграрийлердің және кәсіпорындардың суды тиімді тұтынуын, сондай-ақ кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық саладағы суды пайдалану мен тазартудың тұйықталған циклін ынталандыруы тиіс.

Сонымен қатар, консультативтік құжаттарда су саласындағы проблемаларды шешу жолдары көрсетілген.

Сонымен, су ресурстарын есепке алу және мониторингілеу бойынша Мемлекеттік органдардың құзыретін нақты айқындау, барлық деректерді, бағалау мен болжамдарды қорыту үшін гидрологиялық орталық құру мәселесін шешу ұсынылады.

Суды тиімсіз пайдалану мәселесін шешу үшін төлемақының базалық ставкасын арттыру жағына қарай қайта қарау және су пайдаланушы жаңа су үнемдеу және тазарту технологияларын пайдаланған, қолда бар жабдықтарды жаңғыртқан және т.б. жағдайда төмендету коэффициенттерін қолдана отырып, сараланған тәсілді енгізу ұсынылады.

Бұдан басқа, салық заңнамасына салық төлеушілерге жаңа су үнемдеуші, тазарту технологияларын енгізу бойынша шығыстар сомасының 50% - ын салық салынатын кірісті азайтуға, сондай-ақ осындай шығындарды жүзеге асыру кезеңінде су пайдаланушының қолда бар жабдығын жаңғыртуға арналған шығыстарды азайтуға мүмкіндік беретін нормаларды енгізу мәселесі қаралуда. Су нақты экономикалық құнды алуы үшін су ресурстары саласындағы тариф белгілеу тәсілін қайта қарау туралы ұсыныс бар.

Суды үнемді пайдалану үшін қолда бар ең озық технологияларды енгізу бойынша экономикалық ынталандыру ұсынуды көздеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, су қатынастары субъектілерінің су пайдаланудың өндірістік процестерін автоматтандыру, су ресурстарын есепке алу және мониторингілеу жөніндегі өкілеттіктері заңнамалық түрде бекітілетін, салаға ең үздік IT-шешімдерді енгізу үшін құқықтық жағдайлар жасалатын болады.

Су кодексінде су ресурстарын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және профилактикалық тексерулер жүргізу, инспекторлардың мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындау, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды материалдық-техникалық жарақтандыру және әлеуметтік қорғау мәселелері және т. б. бойынша нормаларды бекіту ұсынылады.

Сонымен қатар, жаңа Су кодексінде ғылыми орталықтың өкілеттігі және оның су ресурстарын жоспарлаудағы, басқарудағы және оларға деген сұраныстағы рөлі көзделетін болады. Су саласын қажетті кадрлармен қамтамасыз ету шаралары да ұсынылды.

Сондай-ақ су ресурстарын басқару және Орхус конвенциясы негізінде Қоғам үшін маңызды су жобаларын іске асыру, сондай-ақ су ресурстары саласында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру кезінде қоғамдық қатысуды құқықтық реттеуді бекіту ұсынылады.

Су кодексінің қолданылу аясынан гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта сумен жабдықтауға және су бұруға, жерді гидромелиорациялауға, судың зиянды әсерінің алдын алуға және жоюға қатысты мәселелерді алып тастау ұсынылды. Осы мәселелер басқа арнайы заңдарға енгізілген жағдайда.

Су шаруашылығы құрылыстарын тиімді және қауіпсіз басқару мақсатында магистральдық су шаруашылығы құрылыстары мен республикалық меншік жүйелерінен ұлттық желі құру ұсынылады. Осы желі операторының функцияларын «Қазсушар» РМК-ға жүктеу көзделіп отыр.

Сондай-ақ, саладағы тариф белгілеудің ағымдағы моделін қайта қарау, су шаруашылығы құрылыстарын жобалау, салу және пайдалану жөніндегі нормаларды жүйелеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жер асты суларының құқықтық мәртебесі мәселелерін қарастыру және реттеу ұсынылды. Сондай-ақ, Бюджет кодексіне су ресурстарын қорғау және молықтыру жөніндегі іс-шараларға қаражат жіберу нормативін енгізу, су шаруашылығы саласындағы жобаларға жер қойнауын пайдаланушылардың шығындарынан қаражат жіберу объектілерін кеңейту бойынша өзгерістер енгізу ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативтері қызметінің түрлерінен сумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді алып тастау қажеттігі де атап көрсетіледі.

Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарлардың, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлардың құрамында жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын дайындау қажеттілігі, сондай-ақ уәкілетті органның (бассейндік су шаруашылығы басқармаларының) осы жоспарларды келісуге қатысуы атап өтілді.

Осылайша, жаңа заңнама су ресурстарын қорғау мен пайдалануды мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бірыңғай мемлекеттік су саясатын іске асырудың құқықтық негізі мен тетіктерін дамытуға алып келуі тиіс.